Бұл — якут халқының дәстүрлерінен бастау алған, ұлттық мұра мен мәдени кодты, тән және рух тәрбиесін тоғыстырған халықаралық құбылыс. Бүгінде мас-рестлинг этникалық шеңберден шығып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың, жастарды тәрбиелеудің және ұлттық рухты нығайтудың қуатты құралына айналуда.
Сіздерді серіктестеріміздің қатарына қосылып, Қазақстанның Астана қаласында өтетін студенттер мен балалар арасындағы AGT & KMWF мас-рестлинг (таяқ тарту) халықаралық турниріне қатысуға шақырамыз.Сіздердің қолдауларыңыз спорт пен мәдениетті, жастардың әлеуетін және өскелең ұрпақтың дамуын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Бұл — өз еліңіздің болашағына қосқан үлесіңіз. Біз сіздерді жас талантты спортшыларды қолдауға, спортты дамытуға және елдің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған осы халықаралық шараның ресми серіктесі болуға шақырамыз.