agt global

Қазақстандықтар BRICS+ халықаралық мас-рестлинг турнирінде жүлдегер атанды

Мәскеуде РУДН университетінде өткен BRICS+ турнирінде қазақстандықтар жүлделі болды. Қазақстан «Спорттық дипломатия» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Қазақстандық спортшылар Мәскеуде өткен халықаралық мас-рестлинг турнирінде жарқырады
Мәскеудегі аты аңызға айналған Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінде (РУДН) BRICS+ елдерінің жастары арасында мас-рестлинг бойынша халықаралық турнир өтті. Турнирге 18 елдің өкілдері қатысты.
Турнир аясында «Спорттық дипломатия» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, біз де өз баяндамамызбен қатыстық. Кездесу барысында көптеген спикерлер Қазақстанды және Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жылы лебізбен еске алды, оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Ұлы Дала дипломатиясын атап өтті.
Біздің мас-рестлерлер бұл спорт түріндегі Қазақстанның көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар беделді халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды:
🥇 Шамет Темірлан — 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын
🥉 Алтын Ақылбек — 75+ кг салмақта қола
🥉 Юрий Лебедь — 90 кг дейінгі салмақта қола
Алда Қазақстанда да, шет елдерде де көптеген турнирлер күтіп тұр. Біздің спортшылар елімізді халықаралық аренада таныстыруды жалғастырады. Біз міндетті түрде барлық жаңалықтар мен жетістіктермен бөлісеміз!
Жігіттерімізді құттықтаймыз және жаңа, жарқын жеңістер тілейміз! 💪🇰🇿
AGT GLOBAL
Copyright © AGT Global, 2023. Барлық құқықтар сақталған
КЕРЕМЕТ АҚПАРАТ АЛУ
Байқау туралы жаңалықтар алып, бірінші болып білу үшін электрондық поштаңызды қалдырыңыз!
ӘЛ. ЖЕЛІЛЕР
КОНТАКТІЛЕР