AGT Journal

ҒЫЛЫМҒА КӨҢІЛ БӨЛСЕҢІЗ

Внешние эксперты
Ғылым-өмірдің, тіршіліктің негізгі көзі. Шынымен қазіргі уақытта ғылымның жаңалығы болған өнімдерсіз бұл өмірді елестету қиын, олар адамға күнделікті қажетті су тамақ секілді болып кеткен. Күнделікті қолданып жүрген смартфон, интернет және тағыда басқа мысалдар осы сөзге дәлел бола алады.

Ғылым қазіргі уақытта елдің дамуының басты күші болып саналады. Бұл қазіргі уақытта ғана емес бұрынғы уақытта да солай болған қазірде сондай болашақта да осылай бола бермек. Дамыған Германия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Жапония мемлекеттері ғылымға басымдылық беруінің нәтижесінде көп нәрсеге қауқарлы елге айналып отыр. Роберт Оппенгеймер, Альберт Эйнштейн, Стив Джобс ғылымның нәтижесінде адамзат баласының тарихына өзгеріс алып келген үлкен жаңалықтар ашып, есімдері тарихта алтын әріптермен сақталды.

Қазіргі ғылым-бұл білімнің жаңа көкжиегін ашып қана қоймай, адамдардың өмір сүру сапасына және планетамыздың болашағына тікелей әсер ететін серпінді және қарқынды дамып келе жатқан сала. Сондықтан адамзат баласының болашағы тікелей ғылыммен байланысты. Жасанды интеллектінің қазіргі уақытта күнделікті өмірде аса маңызды роль атқарады. Қарапайым қолымыздағы смартфоннан бастап тіпті адамдар жасайтын жұмыстарды да жасап жатыр. Мысалға дүкендердегі касса қызметі, медицинада кейбір операцияларды жасауда және тағы да басқалары. Осылайша жасанды интеллект секунд сайын өзінің маңыздылығын, деңгейін арттыруда. Жасанды интеллект бұл болашақта деректерді талдауда, күрделі жүйелерді модельдеуде және жаңа зерттеу әдістерін жасауда маңызды рөл атқарады. Олар жаңалықтарды тездетіп, ғылыми процестердің тиімділігін арттыра алады.

Жер планетасының ластануы, Антарктида Арктика мұздықтарының еруі, ғаламшарымыздың құрдымға кетуі бұл мәселе күн сайын ғалымдарды елең еткізбей қоймайтыны сөзсіз. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін ғалымдар адамзат баласына екінші үй бола алатын планета қарастыруда. 1961 жылы Юрий Гагарин ғарышқа ұшып сол уақыттан бастап тылсым болған ғарыш айлағы зерттеліне бастады. Сол уақыттан бері осы жылға дейін 300 ден астам адам ғарышқа ұшты. Ғарыштық зерттеулердің болашағы ерекше перспективалы болып көрінеді. Айға оралу, Марсқа экспедициялар және алыс планеталар мен спутниктерді зерттеу жоспарланған. Ғарыштық ғылым сонымен қатар Жер бетінде қолданылатын жаңа технологиялар мен материалдардың дамуына ықпал етеді. Біз үшін тылсым болған ғарыш айлағының да құпиялары әлі көп, сондықтан болашақта бұл саланың да тамыры тереңге жайылары сөзсіз.

Күнделікті жеп отырған тамағымыз, киіп жүрген киіміміз, тыныс алуымыз жалпылама айтқанда біздің тіршілік етуімізді қамтып отырған химия ғылымы. Бұл сала күн санап дамып келеді. Химияның болашағы қызықты және перспективалы болып көрінеді. Қоршаған ортаның ластануына байланысты жасыл химияның болашағы өте маңызды. Жасыл химия қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтатын процестер мен өнімдерді жасауға бағытталған. Бұған Жаңа, аз уытты реагенттерді әзірлеу, жаңартылатын ресурстарды пайдалану және химиялық процестердің энергия тиімділігін арттыру кіреді.

Нанотехнология қазіргі уақытта сұранысқа ие салалардың бірі. Наноматериалдар мен наноқұрылымдар медицина, электроника және материалдарды қоса алғанда, көптеген салаларда төңкеріс жасауды жалғастыруда. Нанохимия саласындағы зерттеулер жаңа дәрі-дәрмектерге, өте тиімді катализаторларға және берік материалдарға әкелуі мүмкін.

Өсімдіктердің өнімділін, жердің құнарлығын арттыру мақсатында бұрынғыша көңмен(жануарлардың, жәндіктердің, адамдардың қалдығымен) өңдеу арнайы өңдегіштермен салыстырғанда тиімсіз бола бастауда. Биохимия қазіргі уақытта осы тұстан агрономия саласында сұранысқа ие салалардың бірі. Биохимия жасанды жасушаларды, биоотын мен биосенсорларды құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Гендік инженерия және CRISPR технологиясы медицина мен ауыл шаруашылығында да үлкен жетістіктерге әкелуі мүмкін.

Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек» деді. Қазіргі жаңа Қазақстанның алдағы үлкен мақсаты ғылым саласын дамыту. Бұл дегенміміз еліміздегі ғылым нашар деңгейде екенін білдірмейді, елімізде ғылым деңгейі тұрақты даму жолында.

Ғылым жолына өмірімді арнаймын деп ел асып, таулардан өтудің қажеті жоқ ең бастысы арман мақсат қойып өзіңіздің айналаңыздан бастасаңыз болғаны. Алған білім-іліміңіз жақсы болса ғылым жолындағы жаңалықтарыңызды өзіңіздің тұрған жеріңізден бастай аласыз. “Менің туған жерімде ғылыммен айналыса алмаймын” дегенше ізденіп айналаңыздан жаңалық аша біліңіз. Яғни қолыңызға түскен лимон неге қышқыл демей, сол лимоннан өзіңізге жарайтын лимонад жасай біліңіз. Лимоннан лимонат жасап тіпті сол лимонадпен айналасына да қуаныш сыйлап отырған жандар туралы айтқым келеді.

Қызылорда облысының экологиялық жағдайы мәз емес екені белгілі. Байқоңыр зымыран аймағы, күріш өндірісінен қалатын қалдықтардың тиімсіз игеру барлығы экологиялық жағдайдың төмендеуіне алып келеді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана қызметкерлері біз тұратын аймақтың табиғаты қолайсыз демей, сол мәселені шешуге жұмыс жасады. Күріштің қалдықтарынан целлюлоза (күнделікті қолданыстағы А4 кеңсе қағазының негізгі шикізат көзі), суды тазартуға арналған белсендірілген көмір, Терра Прета секілді қолданысқа керекті өнімдерді өңдеп шығарды. Бұдан бөлек Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы, Ақылбеков Нұрғали Икрамұлы профессорлардың жетекшілігімен бұл зертхана қазіргі уақытта әлемдік Web of Science, Scopus базалық тізіміндегі журналдарда 40 мақала жарық көрген. ҚР өнертабысқа, инновациялық және пайдалы модельге 50 ден астам патенттер жарық көрген. Бұл зертханада студенттер де өздерінің зерттеу жұмыстарымен айналыса алады. Зертхана студенттеріде республикалық байқаулардан жүлделі орындар алуда. Міне оранласқан жеріндегі экологиялық мәселелерге қарап сынбай қамшыланып, сол экологиялық мәселелерді шешуге өздерінің үлестерін қосып, қазіргі уақытта еліміздегі маңдайалды зертханалардың біріне айналған.

Қазіргі уақытта жастардың ғылыммен айналысуы қарқынды жүруде. Жастардың уақыттың талабына сай дамып, елінің ғылымына қосып отырған үлесі, елінің болашағының жарқын болуына септігін тигізуде. Жастар елдің болашағы, ал білімді жастар елдің тамыры болмақ. Ағаш тамыры арқылы өсіп өнсе, ал мемлекет білімді жастарының арқасында өсіп өркендеп дамиды.Қазба байлықтар барлығы таусылады олар уақытша ал алынға білім, пайдаланылған білім ешқашан таусылмайды, ол өмірдің соңына дейін азық болады. Қазақ елінің жастары ел үшін, жер үшін, оның болашағы үшін білім алуға тиісті. Әлемдік деңгейде жаңалықтар ашып, дүние жүзінің тарихында болмаған өзгерістер алып келіп, «Нобель сыйлығы» секілді жетістіктерге жетіп, азуын айға білеген мемлекетке айналдыру қажет. Қазақ халқы текті халық бұл тектілік ғылым саласында да тектілігін көрсетеді.