AGT Global VII дүниежүзілік мас-рестлинг чемпионатында: халықаралық әріптестік және жаңа даму мүмкіндіктері
2025 жылғы 30 шілде мен 3 тамыз аралығында Моңғолияның Архангай аймағында мас-рестлингтен VII дүниежүзілік чемпионат өтті. Жарысқа 33-тен астам елдің өкілдері қатысып, жалпы саны 195 спортшы бақ сынады. Қазақстан Республикасының делегациясы AGT Global компаниясының атынан қатысты.

2025 жылғы 31 тамызда Цэцэрлэг қаласындағы «АРА-арена» спорт кешенінде, мас-рестлингтен дүниежүзілік чемпионат қарсаңында, Халықаралық федерация Президиумының отырысы өткені көрсетілген. Отырыс барысында AGT Global компаниясының бас директоры Г. Т. Абдрахманова 2025 жылғы 29 маусым мен 2 шілде аралығында Астана қаласында өткен студенттер мен балалар арасындағы AGT & KMWF ATLANTS халықаралық турнирінің таныстырылымын жасады.

Қазақстанның мас-рестлинг федерациясының президенті Т. С. Иматалиев аталған турнирді Халықаралық мас-рестлинг федерациясының ресми күнтізбесі мен тізіліміне енгізу рәсімін бастауды ұсынды. Нәтижесінде AGT & KMWF ATLANTS халықаралық турнирі Халықаралық мас-рестлинг федерациясының жыл сайынғы ресми күнтізбесі мен тізіліміне енгізілу құқығына ие болды.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
Сапар барысында Ресей Федерациясының Свердлов облысы мен Сахалин облысының мас-рестлинг федерациялары өкілдерімен келісімдерге қол жеткізілді. Аталған өңірлердің спортшыларын AGT ATLANTS халықаралық турниріне қатыстыру жөнінде уағдаластық жасалды.

Сондай-ақ Ресейдегі «Арктикалық мемлекеттік агротехнологиялық университетімен» ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Университет студенттік құрама команданы AGT ATLANTS халықаралық турниріне жіберуге және қазақстандық тараппен ғылыми-спорттық байланысты дамытуға дайын екенін білдірді.

Үндістанның мас-рестлинг федерациясымен де ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Федерация президенті студенттік мас-рестлингті дамытуға қызығушылық танытып, AGT ATLANTS халықаралық турниріне қатысуға, сондай-ақ білім беру және ғылыми бастамалар аясында әріптестік орнатуға дайын екенін растады.

Мексика мен Пәкістан өкілдерімен жүргізілген келіссөздер барысында балалар мен студенттер арасында мас-рестлингті дамыту, халықаралық жарыстарға, соның ішінде AGT ATLANTS турниріне қатысу және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.

Конго Республикасымен және құрметті консулдар қауымдастығымен әріптестік
Конго Республикасының мас-рестлинг федерациясымен ынтымақтастық жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Ресей Федерациясындағы Конго Республикасының құрметті консулы Патрик Мандзела мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Мәскеудегі Конго Республикасының елшілігі Қазақстанды қоса алғанда, 12 елде аккредиттелген.

Бұдан бөлек, құрметті консулдарды біріктіретін қауымдастықпен жеке әріптестік келісімі жасалды. Бұл келісім ғылым, білім беру және мәдени дипломатия салаларындағы халықаралық байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстандық спортшылардың нәтижелері
Қазақстан атынан чемпионатқа 13 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық үш спортшы қола медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Қола жүлдегерлердің қатарында біздің турнирге қатысқан Әбілқасым Ерасыл да бар. Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, жасөспірімдер арасында қола медаль иеленді.
Алдағы жоспарлар
AGT Global компаниясы алдағы уақытта спортшылардың дайындық деңгейін арттыруды, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді және балалар мен жасөспірімдер спортын белсенді дамытуды жоспарлап отыр.

Қол жеткізілген келісімдер мен халықаралық байланыстар мас-рестлингтің жаһандық деңгейде дамуына, студенттер мен жас спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына және Қазақстанның спорттық, ғылыми және мәдени байланыстарының нығаюына ықпал етеді.