AGT Global компаниясының іскерлік сапары: халықаралық жобаларды таныстыру және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою
Іскерлік сапар аясында AGT Global компаниясының бас директоры Г. Т. Абдрахманова спортты дамытуға, жастарды қолдауға және жоғары технологияларды енгізуге бағытталған бірқатар халықаралық және инновациялық бастамаларды таныстырды.

Кездесу барысында студенттер мен балалар арасында мас-рестлингтен өтетін AGT & KMWF ATLANTS халықаралық турнирінің жобасы, OPEN SPACE жоғары технологиялар инновациялық байқауы, сондай-ақ тау-кен металлургия кешені (ТМК) технологиялары саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жобалары таныстырылды.

Кездесу барысында серіктестікті дамыту, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және білім беру, спорт пен технология салаларындағы өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іскерлік сапардың маңызды нәтижелерінің бірі университет ректоры Марат Кадирович Сырлыбаевпен серіктестік және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою болды. Құжат ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен жобаларды дамытуға және перспективалы бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Меморандумға қол қою ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болып, тараптардың алдағы ынтымақтастығына негіз қалады.