С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде мас-рестлинг бойынша семинар

2026 жылғы 29 қаңтар


Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Орленок» спорт кешенінде «Таяқ тартуды (мас-рестлингті) оқыту, жаттықтыру және жарыстарды өткізу әдістемесі» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар мен шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараны университет AGT & KMWF ATLANTS халықаралық турнирінің командасымен бірлесіп, ҚР МП «Дене шынықтырудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК және Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі орталығы» МКҚК қолдауымен ұйымдастырды.
Семинар елорданың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:
  • Ұлттық спорт түрлерін насихаттау және балалар арасында таяқ тарту дәстүрін жаңғырту.
  • Балалар мен жасөспірімдер спорты саласында білікті мамандар даярлау.
  • Жас спортшыларды ATLANTS халықаралық турниріне қатысуға дайындау.
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Астанада дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған мас-рестлинг (таяқ тарту) бойынша тегін шеберлік сабағы өтеді
Студенттер мен мектеп оқушылары арасындағы AGT & KMWF ATLANTS халықаралық турниріне дайындық аясында таяқ тартуды (мас-рестлингті) оқыту әдістемесі мен жарыстарды ұйымдастыруға арналған оқыту семинары-шеберлік сабағы өтеді.

Өтетін орны: Сейфуллин университеті, Астана қаласы
Күні: 2026 жылғы 29 қаңтар
Уақыты: 15:00–17:00
Форматы: офлайн, практикалық сабақтар, жаттығулар және сұрақ-жауап талқылауы.
Шеберлік сабағының тақырыбы: «Таяқ тартуды (мас-рестлингті) оқыту, жаттықтыру және жарыстарды өткізу әдістемесі»
Шеберлік сабағын Қазақстан Республикасының Федерациясы атынан жаттықтырушылар мен төрешілер, сондай-ақ спортшылар мен төрешілерді даярлауда практикалық тәжірибесі бар университет оқытушылары өткізеді.
Қатысу тегін. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі орталығы» МКҚК жанындағы мектептердің дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған.

Іс-шара бағдарламасы

Бірінші бөлім:
  • Техника және практикалық жаттығулар;
  • Арнайы тұғырларда жұмыс істеу;
  • Әдіс-тәсілдерді қауіпсіз орындау негіздері.
Екінші бөлім:
  • Мас-рестлинг (таяқ тарту) бойынша төреші мен жаттықтырушының жұмыс әдістемесі;
  • Жаттығу процесін ұйымдастыру;
  • Қатысушылардың сұрақтарына жауап беру.
Шеберлік сабағы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және мектеп оқушылары мен студенттер арасында ұлттық спорт түрі — таяқ тартуды (мас-рестлингті) дамытуға арналған тиімді алаң болады.