AGT & KMWF ATLANTS 2026 Халықаралық турнирі
«ҰЛТТЫҢ ҚУАТЫ — БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР АРҚЫЛЫ»
XXI ғасырдың жаңа буынына арналған спорттық бастама
2026 жылғы 24–26 маусым аралығында Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің кампусында студенттер мен балалар арасында AGT & KMWF ATLANTS халықаралық мас-рестлинг (таяқ тарту) турнирі өтті. Турнирді AGT GLOBAL компаниясы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қолдауымен ұйымдастырды. Бұл іс-шара қарапайым спорттық жарыстан әлдеқайда ауқымды мәнге ие болды. Турнир спортты, білімді, ғылымды және мәдени дипломатияны тоғыстырған халықаралық алаңға айналып, жастар спортын дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ұлттық спорт түрлерін әлемдік деңгейде насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашты.
«Күш, жігер және бірлік жазы» ұранымен өткен турнир қазіргі спорттың дені сау ұрпақ тәрбиелеудің, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың және әлемнің жоғары оқу орындары, колледждері, мектептері мен спорт федерациялары арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытудың маңызды құралы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Мас-рестлинг – дәстүрдің, қайсарлықтың және өзара құрметтің символы
Турнирге Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Саха Республикасы (Якутия) және Словакиядан келген 80-нен астам спортшы, барлығы 13 команда қатысты. Жарыстар 18 салмақ дәрежесі бойынша өткізіліп, қатысушылар жоғары дене дайындығымен қатар ерік-жігерін, төзімділігін, тактикалық ойлау қабілетін және қарсыласына деген құрметін көрсетті.
Турнирге төмендегі ұйымдар мен оқу орындарының өкілдері қатысты: Моңғолия мас-рестлинг федерациясы; Словакия мас-рестлинг федерациясы; Ош облысының мас-рестлинг федерациясы; М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университеті; Арктикалық мемлекеттік агротехнологиялық университеті (АГАТУ); Ош мемлекеттік университеті; Академик Ә.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; Абай облысының Геологиялық барлау колледжі; Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясы; Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы федерациясының өкілдігі және Сәтбаев қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі; Сунтар ұлысы; Крестях орта мектебі; И.Г. Спиридонов атындағы политехникалық мектеп; Морук орта мектебі.
Халықаралық турнир аясында:
-балалар, жасөспірімдер және студенттер арасында халықаралық жарыстар;
-жетекші жаттықтырушылар мен спорт мамандарының шеберлік сабақтары;
-спортшыларды даярлаудың озық әдістемелерімен тәжірибе алмасу;
-ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша заманауи тәсілдерді талқылау;
-білім беру ұйымдары мен спорт федерациялары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту іс-шаралары ұйымдастырылды.
Турнирдің маңызды бөлігі ретінде: «Балалар және студенттік мас-рестлингті дамыту: тәжірибе, теория және практика (тәжірибелік мысалдар, қиындықтар және сабақтар)» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Онда жастар тәрбиесі, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, спортшыларды даярлау әдістемелері және халықаралық спорттық ынтымақтастық мәселелері кеңінен қарастырылды.
Шеберлік сабағына төмендегі жетекші мамандар қатысты:
-Айсен Молуков – Саха Республикасының (Якутия) жаттықтырушысы, спорт шебері, Арктикалық мемлекеттік агротехнологиялық университетінің оқытушы-жаттықтырушысы;
-Александр Александрович Захаров – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Саха Республикасының (Якутия) еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері;
-Семён Клавдиевич Михайлов – Сунтар ұлысының жаттықтырушысы, орта мектеп мұғалімі.
Спикерлердің баяндамалары қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Онда спортшыларды даярлаудың заманауи әдістері, балалар мен жастарды бұқаралық спортқа тарту жолдары және ұлттық спорт түрлерінің тәрбиелік әрі мәдени маңызы жан-жақты талқыланды.
AGT GLOBAL – халықаралық ынтымақтастықтың спорттық платформасы
AGT GLOBAL спортты білім, ғылым, инновация, жастар саясаты және халықаралық ынтымақтастықты біріктіретін стратегиялық даму құралы ретінде қарастырады. AGT & KMWF ATLANTS халықаралық турнирі түрлі елдердің жоғары оқу орындары, колледждері, мектептері, спорт федерациялары мен жастар ұйымдары арасындағы әріптестікті нығайтатын тиімді халықаралық алаңға айналды.
Қатысушыларға:
-білім беру мен спорт саласындағы инновациялық тәжірибелерді таныстыруға;
-жас спортшыларды даярлау бойынша тәжірибе алмасуға;
-халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды кеңейтуге;
-спорт, ғылым және жастар саясаты бағытындағы бірлескен жобаларды дамытуға;
-балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік берілді.
AGT & KMWF ATLANTS халықаралық турнирі:
-дені сау, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге;
-мас-рестлингті халықаралық деңгейде ұлттық спорт түрі ретінде насихаттауға;
-әртүрлі елдердің жастары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға;
-спорттық дипломатияны және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға;
-ұлттық спорт арқылы мәдени және спорттық мұраны сақтауға маңызды үлес қосты.