Ұсынылған жобалардың қатарында
«EcoRelife», «MagNexus», «Smart-Biogas», «GREEN FUEL» және «ECO LIFE» болды. Бұл жобалар жас зерттеушілердің тиімді, экологиялық таза және инновациялық шешімдер жасауға деген ұмтылысын көрсетеді. Әрбір әзірлеме практикалық бағыттылығымен, шығармашылық көзқарасымен және ғылым мен технологияларды дамытудың жаңа жолдарын іздеуге деген қызығушылығымен ерекшеленді.
Көрме барысында келушілер жобалармен белсенді танысып, авторларға сұрақтар қойып, ұсынылған идеяларды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Келушілердің жоғары қызығушылығы мен оң пікірлері әзірлемелердің өзектілігін және оларды тәжірибеде қолдану әлеуетін көрсетті.
Мұндай іс-шараға қатысу байқау жеңімпаздары үшін өз жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға, идеяларын кең аудиторияға ұсынуға, білім беру саласының өкілдерімен тәжірибе алмасуға және одан әрі зерттеу жұмыстарына жаңа серпін алуға мүмкіндік берді.
Біз жобаларын дамытып, ғылыми әлеуеттерін көрсетіп, инновациялық шешімдер жасауға үлес қосып жүрген қатысушыларымызды мақтан тұтамыз.
Идеядан — нақты жобаға, алғашқы жетістіктерден — жаңа мүмкіндіктерге!Біз дарынды жастарды бүгін қолдау болашақ технологияларын қалыптастыруға жол ашады деп сенеміз.
https://www.instagram.com/reel/DcAxUnoyT_6/?stkn=emp0N2V4NTV4bGM2