Open Space 2024 Финалисттері!
17 маусымда Астанада AGT Global ұйымдастырған жыл сайынғы Open Space халықаралық байқауының финалы өтті. Байқау екі негізгі бағытты ұсынды: техникалық мамандықтар (химия, робототехника, ақпараттық технологиялар) және сәулет өнері.

Байқау тәжірибелі менторлардың басшылығымен үш кезеңде өтті. Әр кезеңде командаларға жобаларды дамыту бойынша жаңа тапсырмалар ұсынылып, әрі қарай қатысу үшін қатаң іріктеу жүргізілді. Байқаудың финалына әр бағыт бойынша үш команда шықты.

«Сәулет» санатында командалар мультидисциплинарлық инновациялық жобаларды жасау мақсатында ғалымдар мен шығармашылық мамандардың бірлескен жұмысы мен ынтымақтастығына арналған кеңістікті әзірледі.

Байқау нәтижелері Satbayev University студенттерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті, олар барлық жүлделі орындарды иеленді:
1-ші орын: Чекмарев Андрей, Баймуратова Линара, Мурат Томиирис
2-ші орын: Абжанова Милена, Аманқосова Айым, Сақтапберген Махамбет
3-ші орын: Адамжанова Адель, Маржохов Темирхан, Мустафина Айнур

Барлық қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтар алды, ал жеңімпаздар Гонконгтағы City University-ге тағылымдамаға барады.

Жеңімпаздарды және барлық финалистерді керемет нәтижелерімен құттықтаймыз және олардың ғылыми және шығармашылық қызметінде табыс тілейміз!
AGT GLOBAL
Copyright © AGT Global, 2023. Барлық құқықтар сақталған
КЕРЕМЕТ АҚПАРАТ АЛУ
Байқау туралы жаңалықтар алып, бірінші болып білу үшін электрондық поштаңызды қалдырыңыз!
ӘЛ. ЖЕЛІЛЕР
КОНТАКТІЛЕР