"AGT GLOBAL" өкілдері ҚФУ Елабуга институтына жұмыс сапарымен барды
Елабұға институтында Казан федералдық университетінің Ғылыми кеңесінде Елабұға институтының 126 жылдығы мен Казан университетінің 220 жылдық мерейтойына арналған студент-активистерді марапаттау салтанатты шарасы өтті.
Іс-шара AGT Global компаниясы делегациясының ғылым мен байланыс саласындағы өзара ынтымақтастық шеңберінде және бағдарлама аясындағы сапары барысында ұйымдастырылды. Компания басшысы Абдрахманова Г.Т. Ғылыми кеңес мүшелері мен студенттер алдында құттықтау сөз сөйледі. Ол компания мен институттың ҚФУ-мен мемлекетаралық жастардың ғылыми және білім беру ынтымақтастығын белсенді жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Заманауи сын-қатерлер жаңа өсу нүктелерін табу және бірлескен жобаларды дамыту үшін күш біріктіруді талап ететінін баса айтты.
«Бұл іс-шара AGT Global компаниясы мен ҚФУ арасындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ студенттік жастар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді. OPEN SPACE жоғары технологиялар инновациялық байқауы аясында осындай бастамалар студенттеріміздің байланыс орнатуына, бірлескен жобалар жасауына, мәдени шаралар өткізуіне ықпал етеді. Біздің бұл шараға қосқан үлесіміз біздің мекемелер мен елдер арасындағы мызғымас байланысты көрсетеді. Білім мен ғылымның шекарасы жоқ!»